Осындай тақырыпта өткен аптада Жаңашаруа орта мектебі базасында аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен семинар өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы мен «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясындағы жұмыстар бойынша өзара тәжірибе алмасу және ұлттық құндылықтарды оқушы бойына дарыту мақсатында ұйымдастырылған семинарға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен оқушылар шы-ғармашылығына бағыт беруші жетекшілер қатысты.
Семинардың бірінші бөлімі «Ұлы даланың 7 қыры» мақа-ласы бойынша оқушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбие-леу бағытындағы шараларға арналды. Онда оқушыларды шешендік, ұлттық өнерге тәрбиелеу мақсатында «Бала би» интеллектуалдық сайысы, діни экстремизмнің алдын алу, оқушыларды адасудан сақ-тандыру мақсатында «Адас-қандар» ток шоуы және қыз балалардың тәрбиесіне байланысты «Қыз бала тәрбиесіндегі өзекті ой» брифингі сынды танымдық шараларда өзара пікір алысу, талқылаулар өткізілді.
Сондай-ақ, «Ұлы тарихың-ен мақтан, Жас Ұрпақ!» атты фестиваль жұмысының қорытындысында Қарабау орта мектебі І орынды, №9 бен Миялы орта мектептері екінші, үшінші орындарды иеленді. Семинар қорытындысымен Жаңашаруа орта мектебінің іс-тәжірибесін таратуға деген тұжырым жасалды.
Бауыржан САҚТАСИНОВ