Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Келешек мектептері» барлық мектептің дамуына негіз болады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Келешек мектептерін басқару моделі ретінде айқындалды. Аталған жұмыс шеңберінде қаңтар айының 5-8 күндері аралығында еліміздің әр өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Білім-инновация лицейлері базасында ұстаздарға арналған біліктілікті арттыру курстары мен мастер кластар ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 өңірден 1700-ге жуық педагог қатысып жатыр

20 өңірде өтіп жатқан семинарлар «Заманауи мектеп зертханасы: мұғалімге арналған практикалық дағдылар» және «Тәрбие экожүйесі: практикалық шешімдер» тақырыптарына арналған. Оған 170 Келешек мектебінен мектеп директоры және орынбасарлары, оған қоса, физика, химия, биология, информатика пәндері, STEAM және робототехника кабинеттерінің 1700-ге жуық педагогі қатысып жатыр.

170 «Келешек мектебінде» оқу процесі басталған

Естеріңізге салайық, Президенттің тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба шеңберінде 460 мың оқушыны қамтитын 217 мектеп салынды. Оның 84-і ауылда ашылды. Мектептердің 170-інде оқу процесі басталды. Бұл инновациялық білім орындарының бұрынғы типтік мектептерден көлемі 15-20%-ға үлкен, техникалық жабдықталу деңгейі 4 есе жоғары. Барлық келешек мектептері физика, химия, биология, еңбекке баулу, музыка, хореография залы, STEM-зертханалары мен робототехника кабинеттері, коворкинг және спорт залдарымен жабдықталған.

Сапалы білім – тың үлгі

Бүгінде негізгі мақсат оқушылардың тұрғылықты жеріне, отбасы жағдайына қарамастан сапалы білім алуына толыққанды жағдай жасау. Болашақта «Келешек мектептерінің» стандарттары, әдістемесі, басқару жүйесі еліміздің барлық мектептерінің дамуына негіз болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT