Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Келешек мектептері» ауылдарға ауадай қажет

Бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Осы үдерістегі негізгі бағыттардың бірі – заманауи, қолжетімді және сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Доссор кентіндегі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амангүл Тоқсанованың пікірінше, «Келешек мектептерін» ең алдымен ауылдарға көбірек салу қажет деп ойлаймын. Себебі, аталған жоба мектептердің келбетін түбегейлі өзгертуде. «Келешек мектептері» – бұл тек интерьерді жаңарту немесе жабдықтар сатып алу ғана емес. Бұл – оқыту мазмұны мен оқу жағдайларын кешенді түрде жаңғыртуға бағытталған жүйелі жұмыс.

– Жоба аясында мектептер заманауи оқу жиһаздарымен, интерактивті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, оқу кабинеттері мен санитарлық тораптар жаңартылуда, - дейді жас ұстаз. – Көп уақыттан бері алғаш рет білім беру саласында тек материалдық базаға ғана емес, сонымен қатар педагогикалық тәсілдерге де ерекше назар аударылып отыр. Оқыту әдістемесінде сыни ойлау, ынтымақтастықта жұмыс істеу және оқушылардың дербестігін дамытуға басымдық берілуде.

«Келешек мектептері» аясында педагог кадрларын даярлау, білім беру үдерісіне цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ инклюзивті білім беруді қолжетімді ету шаралары қарастырылған. Бұл жобаның білім беру ортасының барлық деңгейін – оқушыдан бастап мұғалімге дейін, инфрақұрылымнан бастап мазмұнға дейін – толық қамтитынын көрсетеді.

Білім сапасына қойылатын талаптар күн сайын артып отырған қазіргі жағдайда «Келешек мектептері» бүкіл жүйе үшін маңызды тірекке айналып отыр. Аталған жоба, әсіресе шалғай және ауылдық өңірлердегі мектептердің жаңа деңгейге көтерілуіне, балаларға заманауи талаптарға сай жағдай жасауға жол ашуда.

Бұл жоба – жай ғана уақытша бастама емес, болашаққа бағытталған берік қадам. Ол қазақстандық мектептің жаңа моделін қалыптастырады: мұнда қауіпсіз әрі жайлы орта заманауи оқыту әдістемелерімен үйлесіп, мұғалім цифрлық дәуірдегі нағыз тәлімгерге айналады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT