Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚАЗАҚСТАНДА БІР МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНА 2000 БАЛАДАН КЕЛЕДІ

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

Оқу-ағарту министрлігі осындай ақпарат таратты. Қазір психологтер жүктелген  міндетті артығымен орындап жүр. Елдегі мектептерде 8 мыңнан астам психолог жұмыс істейді.

Бірнеше жыл бұрын олардың мәртебесі мұғалімдермен теңестіріліп, жалақылары көтерілген еді. Бірақ көптеген мәселенің шешімі сол күйі табылмады, дейді мамандар. Себебі қазір, жүктеменің көптігі мен бөлінген  сағаттардың аздығы – проблемаға айналған.

Райхан Халилаева, мектеп психологы:

- Мектепте 1700 бала болатын болса, солардың жартысы 800-900-дайы солармен мен жұмыс жасаймын. Бұл жерде жоғары кластың, бастауыш сыныптың оқушылары да бар. Әрине, салмақ түседі. Өйткені бірінші диагностика жасаймыз, анықталған балалармен ары қарай жұмысымыз жалғасады. Уақыт сәл жетіспей тұрады. өйткені анықталған балалар контингент көп болғаннан кейін, психологқа келетін анықталған балалар да көп болады.

Халықаралық стандарттарға сәйкес, бір мектеп психологына, орта есеппен, 500 баладан келуі керек. Бірақ елде мамандардың жүктемесі 4 есе көп мектептер де жоқ емес. Балалардың құқықтарын қорғау комитетіндегілер, психологтардың жетіспеушілігі бар екенін мойындайды. Жібек Нұржан, ҚР Оқу-ағарту министрлігі комитетінің бас сарапшысы:

- Тапшылық байқалды. 20-дан 28-ге дейін маман жетіспеушілігі бүкіл қала бойынша, осы Астана қаласы бойынша 28 маман жетіспеушілі бар деген мәлімет. Мектепте 400-500, 900, 2000 бала десек, бұрын тек оқушылармен жұмыс жасасақ, қазір сол сыртындағы 2000 ата-анамен жұмыс жасау керек. Кадрлармен де жұмыс жасау деген - нагрузка, жүктеме қазір педагог психологта бар. Оқушысы көп мектептердегі психологтарға штатты ұлғайту үшін, шмамен, 6 миллиард теңге қажет. Қазір комитеттің сұранысы Қаржы министрлігінде қаралып жатыр.

Жібек Нұржан, ҚР Оқу-ағарту министрлігі комитетінің бас сарапшысы:

- Штаттық бірліктерді көбейту, әсіресе қалалық үлкен мектептердегі яғни сынып жинақтарына байланысты болып келеді. Біздің №77 қаулыда бекітілген осы нормативтік құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша да біршама шаралар кешенді жоспар аясында біз жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Ал Қазақстан Психологтар одағының төрағасы, маман тапшылығынан бөлек, кадрларды дайындау мәселесі де өзекті, дейді. «Осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын «педагогикалық психология» кафедрасы тиісті факультеттен шығарылып, «педагогика» факультетіне енгізілген. Қазір мұғалімдердің дайындаған мамандары, қарапайым психологтың дағдыларын игермеген»,  -дейді Гүлзат Асанова.

Гүлзат Асанова, Қазақстан психологтар одағының төрағасы:

- Сұрақ қойсақ, «кім сабақ беріп жатыр?» десек, психологтар емес, сабақ беріп жатқан педагогтар. Және олардың оқып жатқан сабақтары, деңгейі психология мамандарынынан басқаша, өзгеше. Қазіргі күні бір мектепте 3000 балаға дейн болса, сол мектепте 2-ақ психолог бар. Ол психологтар тек өздерінің диагностикамен айналысады да, олардың балаға  деген доступы жоқ. Балалармен жұмыс жасай алмайды. Өйткені олардың белгілі бір сағаттары жоқ баламен жұмыс жасайтын. Оқу-ағарту министрлігі, мәселенің шешу жолдары қарастырылып жатқанын айтады. «Сондай-ақ алдағы уақытта бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының өз буынына сәйкес психологы бекітіледі», дейді.

Авторлары: Альмира Оразбай, Арман Ақшабаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521