Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірдегі білім ордаларының арасында тұңғыш рет №41 мектеп гимназиясында "41 fm" радио орталығы ашылды

Мектепішілік радио орталыққа облысқа белгілі қаламгер, филология ғылымдарының докторы,профессор, Атырау облысының құрметті азаматы, Қадыр Жүсіптің аты берілді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа радио торап мектеп аумағын толық қамтиды. Жаңа жобаның нәтижесінде балалар уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылық қабілетін шыңдай алады.

Сөздік қорын молайтып, эфир тізгінінде өздерін нағыз дикторлердей сезініп, мектеп ішіне хабар да таратады.

Студиядың бір ерекшелігі - оқушылар  дауыс жазуға арналған бұрышты керексіз болып қалған  жұмыртқа сақтайтын қораптардан жасаған. Осылайша, олар қалдықтарды кәдеге жаратқан. Оқушылар алдағы уақытта түрлі танымдық әрі сазды бағдарламалар жасауды ойлап отыр.

«Оқушылардың білімі бірінші орында. Бірақ, олардың шығармашылық қарым-қабілетін жаңа деңгейге көтеру – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Жаңадан ашылған мектеп болғасын, үйірмелердің көп болғаны жақсы. Бізге оқушылардың  ортаға тез сіңіп, бір-бірімен тату болғаны маңызды. Мектепте «Жас тілші» үйірмесінен бөлек, гитара үйрену, «Жас тігінші», дебат сияқты өзге де үйірмелер бар. Алдағы уақытта домбыра үйірмесін ашуды жоспарлап отырмыз" , дейді №41 мектеп-гимназиясының директоры Қайырғали Азилов.

Қанат қақты бастама биылғы оқу жылында ашылған  «Жас тілші» үйірмесінің негізінде жүзеге асты. Үйірмеге журналист   Жандос Темірғали жетекшілік етеді. Бүгінде 25 оқушы тұрақты қатысады.

«Арманым журналист болу. Радио орталықтың мектебімізде ашылуы – арманыма қарай бір қадам жақындау деп білемін. Енді бос уақытымда осында келіп, сүйікті ісіммен айналысамын. Достарыммен бірге жаңа радио бағдарламалар ойластырып жатырмыз.» дейді, 8 сынып оқушысы Назерке БОРАНҚҰЛ. 

Радио орталықтың ашылу салтанатына Қадір Жүсіп арнайы келіп, "41 fm"-нің алғашқы қонағы болып, оқушыларға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521