Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Болашаққа бағдар берді

Өткен аптаның жұмасы күні Ығылман Шөреков атындағы орта мектепте «Мамандық –өмір таңдауы» атты кеш өтті.

Оған салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Балбибі Исжанова, Қызылқоға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Ақнұржан Ақжігітов пен Қызылқоға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Марат Күзенбаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Мұхамбетқали Сұлтанов, аудандық кәсіпкерлер палатасының менеджер кеңесшісі Елемес Олжабаев, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювенальды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Бекзат Байжандар қатысты.

Кеш қонақтары оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беріп, әр мамандықтың қызығы мен қиыншылығын әңгімелеп берді. Шара барысында аталмыш мектеп психологы Аңсағаным Құспанова қызықты тренинг өткізсе, 11-сынып оқушысы Қалыбек Гүлхан жерлес ақын, компoзитор Қалыбек Құлмағамбеттің «Туған жер» әнін орындап берді. Ал, Арайлым Әбуғали «Қазақ елі осындай» әнімен кеш қатысушыларына әдемі көңіл-күй сыйлады.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521