Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БІЛІМ САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ

білім сайысы
білім сайысы

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі басталды. Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің базасында ұйымдастырылған шараға аудандағы 15 орта мектептен 348 оқушы 11 пән бойынша қатысады деп күтілуде.

            Облыстық білім беру басқармасының таланттарды анықтау және қолдау орталығының бөлім басшысы Нұргүл Дәулетова мен аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфайруз Әнжанова қатысқан олимпиада дүйсенбі күні математика, физика пәндері бойынша өтті. Онда алдымен олимпиадаға қатысушыларға пән сайысының ережелері мен оқушылар құқықтары түсіндірілді. Сейсенбі күні олимпиада Қазақстан тарихы пәнінен, сәрсенбі күні география, информатика, орыс тілі пәндерінен өтті. Ал, химия, биология, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті және құқық негіздері пәндерінен мектеп оқушылары арасындағы олимпиада бейсенбі, жұма күндері ұйымдастырылады. Білім сайысының қорытындысы олимпиада біткеннен кейін шығарылады.

 

Бауыржан ОҚАС

Суретті түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521