Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бас санитардың оқушыларды дәстүрлі форматта оқыту туралы қаулысы шықты

ҚР Бас санитар дәрігердің міндетін атқарушының «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулысы шықты.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

1) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және водомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін», - деп жазылған қаулы мәтінінде. Дегенмен, оқтыудың форматы өзгергенімен, білім ұйымдарының өзінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталу керектігі ескертілген.

«Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.

«Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысының 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп саналсын», - деп жазылған құжатта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз