Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық ұстаз, ғалым, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Роза Қаражігітованың мерейлі 80 жасы аталып өтті

Салтанатты іс-шарада ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің құттықтау хаты оқылды.

Құттықтау хаттарын Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова табыс етті – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау өңіріне белгілі ғалым-ұстаздың мерейтойы өзі еңбек еткен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылыми кеңесінде аталып өтті. Оған университет ректоры Саламат Идрисов пен ғылыми кеңес мүшелері және ғалымның әріптес-достары қатысты. Іс-шара барысында университет ректоры Саламат Идрисов ғылыми кеңес шешімімен Роза Қаражігітоваға алтын медаль тақты. Сонымен қатар, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы тағайындаған Ахмет Байтұрсынов медалімен марапаттап, университет атынан құттықтау хатын табыс етті.

84cbfc74-04bd-4970-aa3a-4419b6ba03cd

Роза Қаражігітова қажырлы еңбегі мен тынымсыз ізденіснің арқасында 1982 жылы одақтық ғылым академиясының аға ғылыми қызметкері атағына ие болған. Ал, 1977 жылы Одақ бойынша «Изобретатель КСРО» медальімен марапатталды. 1986 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып жұмыс жасайды. Қызмет еткен ғылыми зерттеу институтында көптеген баяндамаларымен Киев, Ленинград, Мәскеу, Уфа, Ақтау, Өскемен, Алматы, Жамбыл қалаларында өткен ғылыми конференцияларға шақырту алған. Бірнеше құрмет грамоталарымен марапатталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз