15-16 наурыз күндері өткен Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасында қазақстандық 40 оқушы жүлдемен оралды. Олардың арасында атыраулық оқушылар бар" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Рреспубликамыздың әр өңірінен жарысқа 131 оқушы қатысты. Білім бәсекесінің нәтижесінде, 131 олимпиадашының 40-ы жүлделі орыннан көрінді. Оның ішінде 5 бала бірінші орын, 13 бала екінші орын, 22 бала үшінші орын алды.
Соның ішінде, атыраулықтардың еншісіне 1 күміс, 2 қола медаль бұйырды. Жүлдегер оқушылар Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының математиктері. Күміс жүлдеге Әділет Зауытхан, қола жүлдеге Сұлтан Аманбай мен Мирас Бисенбаев ие болды.
Айта кетейік, олимпиада офлайн форматта өтті. Оған Аргентина, Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Сальвадор, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан Корея сынды әлемнің 38 елінен оқушылар қатысты.