АТЫРАУЛЫҚ БАЛАЛАР «IQANAT» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АҚТЫҚ СЫНЫНА АТТАНДЫ

Атырау облысының 28 дарынды оқушысы Нұр-Сұлтанда өтетін «IQanat» республикалық олимпиадасының ақтық сынына аттанады.

Биыл  21-25 маусымында елордаға еліміздің 164 ауданынан 36 мың бала арасында іріктеуден өткен «IQanat-2022» олимпиадасының республикалық слетіне 8-ші сыныптың 750 дарынды балалары жиналады. Атыраулық 28 ауыл оқушы кіл мықтылардың арасында  үздік атану үшін бақ сынамақ.

Ең ауқымды офлайн олимпиаданы сапалы білім алуға жол ашу үшін «IQanat» қоғамдық қоры ұйымдастырып жатыр. Айта кетейік, соңғы 4 жылда 137 мыңға жуық ауыл оқушысы сапалы білім алу мүмкіндігіне ие болды. Слет аясында іріктеудің ақтық кезеңдері өтіп, 100 жеңімпаз анықталады, қалған қатысушылар олимпиададан кейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылады.

«IQanat» олимпиадасы және Қордың басқа да бағдарламалары ауылдан келген мыңдаған балаларға ең жоғары технологиялы мектептердің бірі - IQanat High School of Burabay-ға оқуға түсу мүмкіндігін, озық үлгілі педагогтармен пікірлесудің баға жетпес тәжірибесін сыйлап, көкжиегін кеңейтеді және де жалпы өмір сүру деңгейін арттырып, нәтижесінде ауыл балаларының үздік жоғары оқу орындарына түсуіне жол ашады. Қор бағдарламаларының түлектері, яғни ауыл мектептерінің оқушылары Nazarbayev University, University of Purdue, Polytechnic University of Hong Kong, University of Chicago және тағы басқа жоғары оқу орындарынан табалдырығынан аттамақ.

Олимпиадаға қатысушылар исатайлық Темір Ахат және қызылқоғалық Әсел Жақсылық бұл олимпиада жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты. Балаларын елордаға шығарып салып тұрған ата-аналар да қуанышты. Олар олимпиададан жүлделі оралады деп сенеді.

Жобаларды іске асыру және ауыл оқушыларының осындай жоғары асуларға қол жеткізуі, аталған жеткіншектерге көмек көрсету ниетімен біріккен Қордың қамқоршыларының арқасында мүмкін болып отыр. Қамқоршылардың қатары үнемі көбейіп келеді. Ал мұндай қолдаудың құны зор. Олардың көпшілігінің өзі аудандардан шыққан адамдар және ел ауылдары мен шалғай аймақтарындағы әр оқушының сапалы білім алу мүмкіндігі болуы керек екеніне нық сенімді. Болашақта осы балалар өздерінің кіші Отанының, ауылдың, ауданның, облыстың және жалпы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуіне әсер ететіні сөзсіз. Сондай-ақ, олардың өз кезегінде, өздерінің жас жерлесін қолдап, бәсекеге қабілетті болуға қолтықтан демеп жіберетіні анық.

Тиісті шара пандемияның екі жылынан кейін ашық офлайн сипатта өтеді және ҚР Үкіметі бекіткен Балалар жылын өткізу жөніндегі шаралар жоспарына енгізілген.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика