Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда «Цифрлы ұстаз» байқауы қорытындыланды

"Байқау қорытындысымен Индер ауданындағы Шоқан Уәлиханов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайырбек Кенжеәлиев бірінші орынды жеңіп алды" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Атырау - Ақпарат» медиахолдингінің директоры Ысқақ Егембердиев байқауға қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен және бүгінгі жеңістерімен құттықтады. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, алғаш рет өткізілген байқауға ұстаздардың қызығушылығы өте жоғары болды. Атырау облысы әкімінің қолдауымен өткен байқау келер жылы да жалғасын табады, деді Ысқақ Егембердиев.

3b47216b-3a08-44bb-9bf4-0abdb500a502

Байқауға облыс бойынша 25 педагог қатысып, олардың арасынан келіп түскен жұмыстардың он тоғызы қазақ тілі, төртеуі орыс тілі және екеуі ағылшын тілінде қорғалған болатын. Өтініш білдірген педагогтардың 74,5 пайызы шарттарды толық орындаған. Ұсынылған бейнероликтер бойынша, үздік үштік анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орынға Индер ауданындағы Шоқан Уәлиханов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайырбек Кенжеәлиев лайық деп танылды. N16 Атырау қалалық лицейінің мұғалімі Раушан Саргужиева мен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің мұғалімі Жауhардария Ерсайынова екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Жеңімпаздарға ноутбук, планшет пен смарт телефондар сыйға берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз