Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда талапкерлерге облыс әкімнің 112 білім гранты бөлінді

 Мемлекеттік грантқа ие бола алмай қалған абитуренттер үшін биыл облыс әкімінің тағы да 112 гранты бөлінді, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Облыста 2017 жылдан бастап әкім гранты беріліп келеді.  Ол кадр тапшылығы туындаған басқармалар мен мекемелерден келіп түскен сұраныстар негізінде қалыптастырылады.  

Талапкердің  мемлекеттік грантқа түсе алмай қалған жағдайда әкім грантына өтініш беруге толық мүмкіндігі бар.  Әкімдік гранты үшін жасалатын конкурсқа мектеп бітіруші түлектер және колледж түлектері үміткер бола алады. Басты  талап мамыр-маусым айларындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен ережеге сәйкес құжаттар тапсыру.

"Әкім гранты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.  Әкім гранты бойынша оқуға түскен студенттер оқуын тәмамдағаннан кейін жергілікті жерге келіп жауапты мекеменің берген жолдамасы бойынша жұмысқа орналаса алады.  Биыл грант медицина, педагогика, ауылшаруашылығы, ветеринария, орман ресурстары және орман шаруашылығы, дінтану, туризм бағытындағы мамандықтарға беріледі",- Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Құжаттар 5-10 тамыз аралығында Х. Досмұхамедов атындағы  Атырау университетінде қабылданады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521