Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда оқу гранттарына құжат қабылдау басталды

«Құжаттар 10-17 тамыз аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қабылданады» деп хабарлайды ATPress.kz.

«Атырауда жергілікті бюджет есебінен 187 білім гранты бөлінді. Грант иегерлерінің тізімі облыс әкімдігінің, білім беру басқармасының сайттарында 25 тамызға дейін жарияланады. Құжаттар 10-17 тамыз аралығында, жергілікті уақыт сағат 09.00 – 18.30 дейін, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Экономика және құқық факультеті» базасында қабылданады» деп нақтылады Атырау облысы білім беру басқармасынан.

Жергілікті бюджет есебінен білім беру гранты бөлініп отырған мамандықтар қатарында мектепке дейінгі оқу және тәрбиесі, педагогика және психология, дефектологи, балық шаруашылығы, орман шаруашылығы, жалпы медицина, дін және теология салалары бар.

Жалпы саны 187 грант Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық – медицина университетіне, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне, Л. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіне, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетіне беріліп отыр.

Баян Жанұзақова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521