Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда "AtyrauRobo" жастар фестивалі өтуде

Бүгін Атырауда "AtyrauRobo" жастар фестивалі басталды. Роботтар мен жастар жиналған фестиваль жай ғана техникалық жарыс емес. Бұл — жастардың миды іске қосатын сәті. Осыған байланысты жас өнертапқыштар техникалық шығармашылық әлеуетті арттыру, инновациялық ойлау қабілеттерін дамыту және ғылым мен жаңа технологиялар саласында терең білім мен дағдыларды меңгеруге үшін бас қосты.

14–18 жас аралығындағы 400ге жуық жастар қатысатын фестиваль екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Іс-шара аясында шеберлік сағаттары, жарыстар, Hackathon, көрмелер, лекциялар мен экскурсиялар өткізіледі. Сондай-ақ, білім ұйымдары, кәсіби оқу орындары мен сала белсенділері де бар.

Фестиваль Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және "Gylym Dauiri" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, облыстық Білім беру басқармасымен әріптестік аясында өткізілуде.

Айта кетейік, "АtyrauRobo" — жастарды технология, инженерия және IT саласына тартуға бағытталған, олардың практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін өңірлік ауқымды жоба.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT