Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда 1 сыныпқа құжат 20 тамызға дейін қабылданады

Бұл туралы брифинг барысында Атырау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Аманбай Хұсынов айтты, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

​ – Жаңа оқу жылына қаладағы 62 мектеп дайындалып жатыр. №7 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, аяқталуға таяп қалды. Қысқы маусымға да сақадай сай деуге болады. 1 тамыздағы жағдай бойынша 8174 оқушы бірінші сыныпқа қабылданып отыр. Оның 5834-і қазақ, 2340-ы орыс сыныбы. Құжаттар 20 тамызға дейін қабылданады, - деді Аманбай Шапхатұлы. ​

Сондай-ақ, қорғаныс құралдарымен қамтуға 67 млн 980 мың теңге бөлінген. Сол сияқты, 9320 компьютерлік құрал-жабдық та дайын тұр. Аз қамтылған отбасындағы оқушыларға көрсетілетін қаржылай-материалдық көмек те жалғасын таппақ. ​

«Рас, орыс сыныптарына маман жетіспеушілігі әлі де байқалады. Осы орайда, 19 жас маман қала мектептеріне жұмысқа орналасты. Айтпақшы, «Enbek.kz» сайтына кіріп, мұғалім тапшы ұйымдарға түйіндеме жіберуге болады» деп түйіндеді сөзін спикер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз