Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Атырау облысындағы мектеп бір кабинетті 1 млрд теңгеге сатып алмақ болған» деген ақпаратқа түсініктеме

Әлеуметтік желіде таралған ақпарат негізінде Атырау облысындағы Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі әкімшілігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

2021-2022 оқу жылының сәуір айында Мақат ауданы Доссор кентіндегі Б. Қанатбаев атындағы орта мектебінде «Бірыңғай сатып алу терезесі»веб-порталы арқылы материалдық – техникалық жабдықталған қыздарға арналған технология кабинетін сатып алу жоспарланған.

Мақат аудандық Білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашевтың айтуынша, қайта жаңғырту (модернизация) негізінде технология кабинетіне 12 000 000 теңге қаражат бөлінген.

Осы кабинетті сатып алуды жоспарлап, порталға қаржысы жүктелген уақытта маман тарапынан қате кетіп, порталға жарияланып кеткен.

«Кейіннен техникалық қателікті байқаған мектеп экономисі Т.Иманбаева өздігінен дереу түзету енгізіп, қайта жариялаған. Маманның сатып алу порталына жариялаған күні 2022 жылдың 6-шы сәуірінен 14 сәуір аралығында талқылау уақытында тұрған. Кейіннен 15 сәуір күні техникалық қателікті байқаған Т.Иманбаева өздігінен дереу түзету енгізіп, 20 сәуір күні қайта жариялады», - деді аудандық білім бөлім басшысы.

Айта кетелік, қазіргі таңда қателік негізінде экономист Т.Иманбаеваға түсінік жұмыстары жүргізіліп, ескерту берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521