Атырау облысында 6 мыңға жуық түлек мектеп бітірді

Бүгін, 25 мамыр күні Атырауда 5 999 түлек үшін мектепте соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов «Білім-Инновация» лицейі түлектерінің соңғы қоңырау салтанатына қатысты.

- Міне, тағы бір жылды артқа қалдырып сыңғырлаған қоңыраудың үнін естігелі отырмыз. Бұл оқушылар, ата аналар мен мұғалімдер үшін айтулы күн. Түлектер Жаңа Қазақстанда жаңа форматпен өз істерін жалғастыру тиіс. Осы ретте өз шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие бере білген ұстаздарға және ата-аналарға айтар алығысым көп, деді Нариман Таушов.

Лицей директоры Исмайл Эльманың айтуынша, аса маңызды жолға қадам басқалы отырған 49 түлек бар. Оның ішінде 5 түлек «Алтын белгіге» , 11-і «Үздік аттестатқа» үміткер.

Биылғы жылы облыс мектептерін 6 мыңға жуық түлек бітіргелі отыр. Олардың арасында «Алтын белгіге» үміткер 244, «Үздік аттестатқа» 243 мектеп бітіруші бар.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика