Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

25 ТҮП ЖЕМІС ТАЛЫ ЕГІЛДІ

Бүгін «Нұр-Шуақ» бөбекжай балалар бақшасында 25 қазан – Республика күніне орай, «Жаңа Қазақстан. Жаңа Табиғат»  атты акция аясында «Менің жеміс ағашым» атты шара болып өтті. Шара аталмыш балабақшадағы бүлдіршіндердің ата-аналары мен тәрбиешілерінің қолдауымен жасалып отыр. Акцияны «Нұр-Шуақ» бөбекжай балалар бақшасының меңгерушісі Бағытжамал Жұмабаева ашып, ата-аналарға ризашылығын білдірді.

img_9241
- Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі елдің болашағы екені даусыз. Балаларымыздың әрі күні біз үшін мереке. Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, бүлдіршіндеріміз тәрбиеленіп жатқан үлкен ошақтың алдына жеміс ағаштарын отырғыздық. Қандай қуаныш сыйлаған күн болды, десеңізші! Бұл күннің өсіп келе жатқан ұрпақтың жадында қалатыны, табиғатты аялауға, қорғауға, күтіп баптауға тәрбиелейтіні сөзсіз, - дейді «Көбелек» тобының ата-анасы Ернар Қалиев.
Шара барысында, 25 тал түп жеміс ағаштары отырғызылып, су құйылды.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT