Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

2022 жылы университеттерге берілетін гранттардың саны рекордтық көрсеткіш - 73 мыңға дейін артады

2022 жылы жоғары оқу орындарында берілетін білім гранттарының саны рекордтық 73 мыңға дейін артады. Бұл ретте жоғары оқу орындары мен колледждер студенттерінің көп бөлігі мемлекет есебінен тегін оқу мүмкіндігін алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Президенттің қолдауының арқасында мектеп түлектерінің бюджет есебінен оқуға мүмкіндігі артып келеді. Колледждерде білім алу үшін биыл білім беру гранттарының саны да рекордтық көрсеткішке, яғни 31 мың грантқа дейін ұлғайып отыр. Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтар бойынша беріледі. Сондай-ақ біз емтихандарды алып тастадық және азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін арнайы квоталарды енгіздік. Гранттар барлық колледжге берілмейді. Студент грантты жеңіп алып, белгілі бір колледжді таңдайды. Осылайша қаржыландыру студент таңдаған колледжге жіберіледі. Яғни бұл жерде «ақша студенттің соңынан ереді» қағидасы жұмыс істейді. Бұл кадрларды даярлау бойынша колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Ең бастысы – еңбек нарығының сұранысына сай болу», - деп айтты ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, гранттарды бөлу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған квоталар саны ұлғайтылады. Яғни көпбалалы немесе толық емес отбасылардың балалары, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан үміткерлердің грант алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болады. Сонымен бірге биыл мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде инженерлік, өңдеу, құрылыс салаларына, сондай-ақ педагогикалық және жаратылыстану ғылымдарына ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық кадрларды даярлау және техникалық бағыттар бойынша мемлекеттік тапсырыс үлесі 60%-ға дейін артты.

Студенттер арасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтарға жаңа гранттар бөлінеді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT