Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа нұсқа көңілге қонымды

Қазақстанда криллицадан латын әліпбиіне көшіру туралы мәселе кешелі-бүгін ғана көтерілген жоқ. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болғалы бүгінгі күнге дейін өзекті күйінде талқыланып келген еді.

Соған сай, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшуді жүзеге асыруға нақты жоспарлар бекіткен болатын. Осы тұста, тіл мамандарының Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ұсынған жаңа нұсқасы қабылданды. Айталық, латын әліпбиі – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына, қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.

Сонымен қатар, түбі бір түркі дүниесі де негізінен, латынды қолданады. Сондықтан, біздердің олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз үшін латын әліпбиіне көшу бірден-бір дұрыс жол деп есептеймін. Бұл жаңа нұсқа қабылданбастан бұрын көптеген нұсқалар ұсынылды. Олардың бірі орфография, орфоэпия заңдылықтарына сәйкес келмесе, бірі көп зиялы қауымның қарсылығын тудырды. Ал, бұл жаңа нұсқаны мен қолдаймын. Себебі, барлық талаптарға сай. Сол себепті, бұл тұрғыда қабылданған жаңа нұсқа рухани жаңғыруға бастайтын, болашағымыздың жарқын болып, дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін ең маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін.

 

Серік ТАУМАН,

Қызылқоға ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT