Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Нұр-Шуақтағы" шаралар

Жақында аудан көлемінде халық арасында жеке қауіпсіздігі деңгейінің төмендеуіне байланысты өрт қауіпсіздігі саласында акциялар ұйымдастыру мақсатында «Нұр-Шуақ» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі Альбина Оржанованың ұйымдастыруымен «Пешпен жылытудың қауіптілігі – улы газбен  улану» тақырыбында шара өтті.

 

Шарада ортаңғы топ бүлдіршіндері аудандық төтенше жағдайлар бөліміне барып, өз өнерлерін көрсетіп, газбен, отпен ойнамау жөнінде көптеген мағұлматтар алды. Ал, аталмыш балабақша тәрбиешісі Жарқын Напихованың ұйымдастыруымен осы мақсатқа сай, «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясы өтіп, бүлдіршіндер арасында әртүрлі қауіпсіздікке қатысты тәрбиелік шаралар, жаңа жылдық ертеңгіліктер, мерекеге сай жаңа жылдық безендірулер жасақталды. Сонымен қатар, балабақша тәрбиешісі Гүлжазира Ижапқұлова өткізген «Қауіпсіз көліктер» тақырыбындағы тәрбиелік шараға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Марат Күзембаев және инженері Ақнұржан Ақжігітов қатысты. Аталған шараның барлығы балалардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау және олардың алдын алу бағытында болды. Шара барысында, қатысушы қонақтар балабақша ұжымына алғыс айтып, арнайы түсінік жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, Атырау облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай, 22-26 қаңтар аралығында «Ардақты өлкем – Атырауым» атты апталық өтті. Мақсат – балалардың Атырау облысы туралы білімдерін   кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты    болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Апталық жоспарына орай, апта басында ағылшын тілі маманы Айдана Қосымбаеваның ұйымдастыруымен «Күншуақ» тобында «Мақтанышым – Атырау», «Еркемай» тобында «Атырау – арман қала» атты ашық сабақтар, «Ақ көгершін» тобында «Атырау – арман  қала» тақырыбында ертеңгілік өтті. Осы орайда, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бағытында балабақша педагогтары «Мұнайлы өлке, шырайлы өлке – Атырау» тақырыбында эссе жазып, бейнелеу өнері маманы Райымбек Есенбаевтың ұйымдастыруымен «Ардақты   өлкем – Атырау» атты көрме жасақталды. Сонымен қатар, «Мұнайлы астанам – Атырауым» тақырыбында ерте жас топтарының тәрбиешілері баннер, стенді, бұрыштар дайындаса, ересек топ тәрбиеленушілері мен  топ тәрбиешілері «Атырау облысына – 80 жыл!» тақырыбында  аудандық мұражайға саяхат жасады.

Нұрбану МҰҚАНОВА,

«Нұр-Шуақ» бөбекжай балалар

бақшасының  әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521