Өнерлерің өрге жүзсін...

Жақында, Атырау қаласында батыс аймақтық «Фариза, Фаризажан,Фариза қыз...» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндер байқауына әр түрлі жанрлар бойынша оқушылар өздерінің өнерін көрсетті.

Байқауға 200-ге жуық оқушы қатысып, солардың ішінен біздің оқушымыз Амандық Шалқар «Бейнелеу өнері» бойынша екінші орынға ие болды. Аталмыш сайысқа оқушы дайындағаны үшін Жазира Нұрышева арнайы дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ, «Туған ел, Туған жер. Туған глобал: ұлттық білім беру жүйесінің бағдарлары» тақырыбындағы XX аудандық педагогикалық оқуға мектебімізден бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Тоғжан Аманжол қатысып, екінші орынды жеңіп алды. Тоғжанға алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз. Ал, «Мен қазақтың келінімін!» атты келіндер сайысында бақ сынаған Сәулет Ғапуова «Шебер келін» атағын алып, мектеп мерейін үстем етті. Алдағы уақытта Саулетке деніне саулық, отбасына амандық тілейміз. Ауылымыздың ибалы да инабатты келіні болуыңа тілекшіміз.

Алтынай ЖАЛЖАНОВА,

Қоныстану балалар өнер мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика