Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Зиянкестермен күрес басталды

Жаз шықса шаруагерлердің ең басты уайымы дала өрті мен шегіртке екені белгілі.

Себебі, екеуі де шаруагерлердің еңбегін еш қып, тұзын сор етеді. Соған сай, биылғы жылы зиянкестермен күрес шараларын ұйымдастыру және химиялық өңдеу жұмыстарының жүру барысын бақылау мақсатында аудан әкімінің 2019 жылғы 6 мамырдағы №155 өкімімен аудандық штаб құрылған болатын. Аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев жетекшілік ететін штаб мүшелері сейсенбі күні Ойыл ауылдық округіне қарасты, «Теректі», «Құлынкеткен» және «Құлынкеткен – Топши» алқаптарында болып, зиянкестермен күрес жұмыстарын жүргізді. Химиялық өңдеу жұмыстары жер үсті тәсілімен УАЗ автокөлігіне қондырылған «ЗапКазФумигация» ЖШС-нің микронер бүріккіші арқылы атқарылды. Нәтижесінде 13500 гектар жерге «Даклоприд» препаратымен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Штаб мүшелері химиялық өңдеу жұмыстары нәтижесінде шегірткелердің дернәсілдері түгелдей жойылғанын жеткізді. Шегірткеге қарсы дәрі шашылғаннан кейін аудандық аумақтық инспекциясы басшысы Жолдас Ибрашев пен Ойыл ауылдық округінің әкімі Мағжан Жексенов сол маңдағы шаруаларды аралап, химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген алқапқа 20 күнге дейін мал жайып, шөп шабуға болмайтынын ескертті. Айта кетейік, зиянкестермен күрес жұмыстары алдағы уақытта ауданның барлық ауылдық округінде жүретін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT