Әлеуметтік желіде: "Көздіғара-Тасшағыл арасындағы тас жолдың жиегін тасқын су жырып кетіп, қауіп төндіріп тұр" деген ақпарат тарады.
Аталған жерге дереу жеткен Тасшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мен қоғамдық қызмет жұмысшылары екі трактордың көмегімен қауіптің алдын алып, жырылған жерді қапшыққа толтырған құммен бітеді. Сөйтіп, Көздіғара-Тасшағыл арасындағы тас жол қалыпқа келді.