«Қызылқоға – құт мекен» қайырымдылық қоры және аудандағы «Бәйтерек» мұсылмандар мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтановтың ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары қолдап, иманды жастардың атсалысуымен игілікті істер қолға алынды.
Ауданнан қала бағыты жолындағы «Ойтаң» - деп аталатын аймағы тұсында жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасалды. Жолаушылар тоқтап, тыныстайтын күркешеде ауқаттанып алуға ыңғайлы үстел, олтыруға қолайлы орындығымен орнатылды. Сонымен қатар, әжетхана, қоқыс қалдықтарын төгетін контейнер алаңы, қағаз қалдықтар өртеуге ыңғайланған қақпақты котель, белгі тақтайшалардың орнатылуы жолаушыларға бағыт беріп тұрады. Халықтың игілігі үшін пайдалануға берілген бұл атрибуттарды қор ұйымдастырушылары ораза-айт мерекесіне тұстас тарту ретінде жүзеге асырды.