Барша аудан тұрғындарын алаңдатып отырған басты мәселе – Ойыл өзенінің тартылып бара жатқаны.
Ол өзен көршілес Ақтөбе облысынан бастау алады. Осы Ойылымыздың арнасын толтыру үшін көршілермен байланыс орнату жағын қолға алу керек. Ал, арна толғаннан кейін өзеннен ауылға қарай жаздық су құбырын тартқан дұрыс. Себебі, жаз болса ауылда ауызсу тапшылығы орын алады. Өйткені, ауыл тұрғындары күнделікті тұтынатын ауызсуды бау-бақшаға, құрылыс жұмыстарына пайдаланды. Егер ауылға жаздық су құбыры тартылса, тұрғындар жаңағыдай жұмыстарға соны пайдаланады да, есесіне ауызсу халыққа толық жетер еді.
Сондай-ақ, ауданымызда өзеннің тасымау салдарынан көп ауылды құм басу қаупі бар. Соның алдын алу үшін тал, сексеуіл сияқты басқа да ағаштарды егу керек. Одан бөлек, бұралқы иттерді атуды да дұрыстап қолға алған жөн. Қазір ауыл ішінде де, сыртында да қаңғып жүрген ит көп. Ауылда адамға шабады, далада малға шабады.
Қалидолла ІЗЕКЕН,
ақын, ауданның Құрметті азаматы