Бүгінде қайырымдылық акциялары кеңінен ұйымдастырылып, тұрмысы төмен отбасылар назардан тыс қалмайды.
Қасиетті Рамазан айында аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен, Миялы ауылының 1997 жылы туған жастарының ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрек» акциясы өткізілді. Акция барысында жастар Миялы, Жангелдин, Ойыл ауылдық округтерін аралап, аз қамтылған және көп балалы 12 отбасыға азық-түлік таратты.
Рамазан айында жақсылық жасап мол сауаптарға кенеліп жатырған жастарға әр отбасы өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Ауыл жастары өзге де замандастарын осындай белсенділікке шақырып, жақсылық жасап жарысайық деген үндеулер тастады.
Айсәуле АРДАҚҚЫЗЫ,
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының 3 курс студенті