Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа жылда жақсылықтың шамшырағын үрлегін!

Құрметті қызылқоғалықтар!

Баршаңызды Жаңа – 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең арайлы мереке. Бұл күні әрбір адамзат өткенді ой елегінен өткізіп, санасында саралап, келер жылды таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Өздеріңіз жақсы білетіндей, еліміз өткен жылда да жүйелі реформалар мен сапалы өзгерістер үрдісін табысты жалғастыра түсуге қол жеткізді.

Алайда, тосыннан келген індет қаптаған қиыншылықтарды алдымызға тосты. Ол біздің елді ғана емес, бүкіл әлемді сынға алды. Пандемия салдарынан әлем экономикасы әлсіреп, тұтас дүниенің тыныс-тіршілігі өзгерді. Десе де, Қазақстан жүрісінен жаңылмай, тығырықтан шығар жолды таба білді. Осынау ауыр сынаққа төтеп беріп, өлкемізді қала берді бүкіл елімізді дағдарыстан алып шығу жолында Қызылқоға жұртшылығының да зор үлесі бар деп білемін. Өткен жылғы қиыншылықтарға қарамастан егемен еліміз іргесі мығым, тұғыры бекем екенін дәлелдеді. Халқымыз жанашырлық пен қамқорлықтың, ұйымшылдық пен береке-бірліктің озық үлгісін танытты. Пандемияға қарсы күресте біздің әрқайсымыз мемлекеттің зор қолдауын сезіндік. Жалпы, алдағы мақсатымыз айқын, оған жету жолдары толық негізделген.

Біз, Жаңа жылда қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қадам басамыз. Бұл жаңа қазақ мемлекетін құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың, соның ішінде Сіздердің де ерен еңбектеріңіздің жемісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялап, Қазақстанның қарқынды дами береріне зор сенімін білдірді. Келер жыл келелі өзгерістерге, жағымды жаңалықтарға, толымды табыстарға толы жыл болсын. Жаңа жылда әрбір шаңыраққа шаттық, бақыт-береке, баршаңызға зор денсаулық, қуаныш, сәттіліктер тілеймін. Жаңа – 2021 жыл құтты болсын.

Ізгі ниетпен,

Қызылқоға ауданының

әкімі Н.Бисембиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521