Өткен аптаның жұмасы күні ауданымыздың 75 жылдық мерейтойына орай, «Қызылқоға ауданының құрметті азаматы», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әйтішева Ұлдай Әйтішқызының «Жылдар жаңғырығы» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.
Ең алдымен аудан әкімі Баженов Арман Сырымұлы құттықтау сөз сөйлеп, Ұлдай Әйтішқызына шығармашылық табыстар тіледі. Одан әрі ауданның кешегісі мен бүгіні, ел ардақтылары туралы сыр шерткен естеліктерден құралған «Жылдар жаңғырығы» атты кітаптың тұсауын еңбек ардагері, қаламгер Әубәкіров Хамит пен аталмыш кітаптың авторы Ұлдай Әйтішқызы кесті.
Айымгүл ҚОСЫБАЕВА