Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Жұлдызайдан» олжалы оралды

Таяуда Атырау қаласында Атырау облысы Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен ХІІІ Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі және спартакиада байқауының аясында ерекше білімді қажет ететін балалар арасындағы облыстық іріктеу болып өтті.

Іріктеу кезеңінде аудан оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Б.Аманшин атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Саманта Ардаққызы «Самға биік қырандар» әнімен ІІІ орынды иеленсе, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы Жаннұр Жетпісбай үнді биімен ІІІ орынды еншіледі.

Ал, Қаракөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әдемі Шамидолла ұйғыр биімен ІІІ орынды иемденді. Сонымен қатар, спартакиада бойынша «Асық ату» ойынынан үлкен топ құрамасы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Ғалымбек Мерекеұлы мен Ш.Еркінов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Асланбек Қаматов 1 орынды иеленсе, «Бес тас» ойынына қатысқан Б.Аманшин атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Гүлдана Ақниязова мен Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Рая Салықова ІІІ орынды еншіледі. Шатгүл СӘКЕНҚЫЗЫ, аудандық білім бөлімінің бала құқығын қорғау жөніндегі әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT