Мамандардың мәлімдеуінше, өткен жылы аудан аумағында газге улану салдарынан екі адам көз жұмды. Оған жылыту құрылғыларын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған себеп болып отыр. Демек, газге уланудың өмірімізге зор қауіп тигізетінін білсек те, кейде мамандардың айтқан қарапайым ғана ережелерін қатаң сақтамайтынымыз көңілге кірбің ұялатады. Осының салдарынан қаншама адам қыршынынан қиылып жатады десеңізші?!
Әрине, тіршілік түйткілінде «Қауіп қайдан, Құдай сақтасын» деп жүре беретініміз жасырын емес. Тіпті, мамандар қаншама рет ескерту беріп, қауіптің алдын алуға жұмыстанып жатса да, көпшілік уақытта енжарлық танытып, заңсыздыққа жол беріп жататынымыз жасырын емес. Бұған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Айбол Карин, «Казтрансгазаймақ» Атырау өндірістік филиалы Қызылқоға аудандық газ учаскесінің бастығы Бауыржан Кереев бастаған мамандармен бірге Қызылқоға, Жамбыл, Тасшағыл, Көздіғара ауылдық округтерін аралағанда көз жеткіздік. «Казтрансгазаймақ» Атырау өндірістік филиалы Қызылқоға аудандық газ учаскесінің бастығы Бауыржан Кереевтің айтуынша, қазіргі таңда заңсыз монша салып алып, құжатын жасақтамаған және жаппа пешті пайдаланып отырған ауыл тұрғындары жетерлік.
Толығырақ «Қызылқоға» газетінің №8 санынан оқи аласыздар
Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ