Мектеп оқушылары мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында қыркүйек айының 13 мен 19 күндері арлығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Аталған шараға аудандық Полиция бөлімінің инспекторлары, медицина қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысып, олар Х. Досмұхамедұлы, Б.Аманшин атындағы орта мектептер мен Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназияда оқушылармен кездесу өткізді.
Шара барысында тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, құқықтық бағыт-бағдар берсе, медицина мамандары нашақорлық пен есірткінің қауіптілігін түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.