Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада «Ашық есік» күні өтті

Бүгін аудан бойынша бөлімдер мен мекемелерде бір уақытта «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараның мақсаты – әкімдер мен мекеме басшыларының халықпен байланысын нығайту, халықтың көкейдегі сауалына жан-жақты жауап беру.

Аудан әкімдігінң үлкен мәжіліс залында өткен «Ашық есік» күніне аудан әкімі Арман Баженов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес, бөлім мекеме басшылары қатысып, бұқараның өтінішіне құлақ түрді. Шараға келген ауыл тұрғыны Талғат Шаяхметов атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырғанда, комиссия қарап, кейін қайтарғанын айтып, шағымданса, Қоныс Ақбатыров атты тұрғын өз үйінің құжаттарын заңдастыра алмай жүргенін жеткізді. Ал, Бақтыгүл Қазиева болса биыл ветеринар мамандығы бойынша оқу бітіретін қызына жұмыс сұрай келіпті.

Осы және басқа да тұрғындардың өтінішіне құлақ түрген аудан басшылары мәселенің шешілу жолдарын заң аясында түсіндіріп, жауап берді. Сондай-ақ, «Ашық есік» күні «Балдырған» балабақшасында ата-аналар балаларының балабақшадағы бір күндік өмірімен танысты. Мұндай қабылдаулар барлық мекемелерде бір уақытта өтті. Айта кетейік, «Ашық есік» күні енді әр аптаның жұмасы күні тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT