Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада мұз ойылып, жасөспірім суға кетті

Кеше, яғни 18 қараша күні кешкілік Ойыл өзені бойында қайғылы жағдай орын алды.

Осы орайда, мән-жайды білу мақсатында аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне хабарластық. Олардың айтуынша, кешқұрым 17:43-тер шамасында 101 пультіне жасөспірімнің суға кетуі бойынша хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел түрде аттанған құтқарушылар қайғылы жағдай атасы мен немересі қой бағып жүрген кезде болғанын анықтады.

Қайғылы оқиға жасөспірім мұз үстінде жайылған қойларды қайырамын дегенде мұздың ойылып кету салдарынан болған. Жасөспірім 5-6 қойды жағаға шығарғанымен, өкінішке орай өзі суға батып кеткен. Бұл жыл басынан бергі аудан бойынша суға кетудің 6-шы дерегі. Төтенше жағдайлар бөлімітұрғындарды мұз үстіне шықпауға шақырады!

А.ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521