Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада мұғалімдерді вакцинациялау басталды

Кеше аудан əкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев,аудандық орталық аурухана директоры Самат Тайшыбай, Атырау облысы білім беру басқармасы Қызылқоға аудандық білім бөлімінің басшысы Өтепберген Əділов, Қызылқоға аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шолпан Асауованың қатысуымен аудан орталығындағы мектеп, балабақша қызметкерлері арасында вакцинациялау бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

Осы орайда, алғашқылардың бірі болып екпе алғандар Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Берденқұлов, физика пəні мұғалімі Руслан Қабдолов, сондай-ақ, Халел Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің ұйымдастырушы-педагогы Берік Бейісов пен мектеп мұғалімі Шыңғыс Серікұлы болды.

– Кез-келген індеттен қорғанудың, алдын алудың бір жолы – вакцина. Бұған дейін аудандық аурухана басқармасы тарапынан, емхана дәрігерлері де екпенің пайдасы, оның әсері туралы біраз ақпараттар берді. Ең бастысы екпе аурудың асқынуынан қорғайды. Екпе алған соң қорқынышсыз жүруге болады. Жақындарымның амандығы үшін де вакцина алдым,- дейді Берік Бейісов.

Қазіргі кезде ауданға 80 доза «Спутник V» екпесі келді. Айта кетейік, вакциналау екі кезең бойынша өтеді. Яғни, алғашқы компонентін алған адамға 21 күннен кейін екінші дозасы салынады, дейді Қызылқоға аудандық-санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шолпан Молдашқызы.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521