Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада биыл қандай жұмыстар атқарылады?

Бұл туралы аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

«Биылғы жылы ауданымызда атқарылатын бірқатар жобалармен таныстыруды жөн санадым.

Өткен жылдары басталып, құрылысы 2022 жылы аяқталуы жоспарланып отырған нысандар:

  1. Тасшағыл ауылынан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысын аяқтау;
  2. Миялы ауылындағы орталық стадион құрылысын аяқтау;
  3. Миялы ауылынан 276 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын аяқтау;
  4. Миялы ауылының ауылішілік 11 шақырым автокөлік жолының құрылысын аяқтау;
  5. Аудандық ішкі істер бөлімі мен аудандық қорғаныс істері бөлімінің ғимараттарын пайдалануға беру;
  6. Сағыз ауылынан орталық стадион құрылысын аяқтау;
  7. Сағыз ауылынан 225 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын аяқтау;
  8. Сағыз ауылына ауылішілік 8,2 шақырым автокөлік жолының құрылысын аяқтау;
  9. Сағыз ауылындағы ауылішілік 8 шақырым көшеге жарықшамдар және 4 шақырым көшеге жаяу жүргіншілер жолының құрылысын аяқтау;
  10. Сағыз ауылындағы 3 ауылдағы электр желілерінің құрылысын аяқтау;
  11. Сағыз ауылынан 6,8 шақырым жол құрылысын аяқтау;
  12. Мұқыр ауылынан 4,7 шақырым жол құрылысын аяқтау;
  13. Мұқыр ауылынан 142 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын аяқтау.

278990863_4884057551711901_3052520406363158409_n

2022 жылы жалғасатын нысандар:

  1. Тасқұдық, Соркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай елді-мекендерінің газ құбыры желілерін салу;
  2. Кенбай, Қосқұлақ, Бүйрек, Айдын елді-мекендеріне ауылішілік су құбырының құрылысы.

279025322_4884057888378534_6679099924460963938_n

2022 жылы құрылысы басталатын нысандар:

  1. «Тайсойған-Миялы» магистралды су құбырының құрылысы;
  2. «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырын қайта жаңғырту;
  3. Миялы ауылында аудандық төтенше жағдайлар бөліміне ғимарат пен өрт сөндіру депосының құрылысы;
  4. Миялы ауылында көп функционалды спорт алаңының құрылысы;
  5. Миялы ауылынан 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы;
  6. Миялы ауылының орталық көшесіне өрнектас төсеу;
  7. Миялы ауылына қатты-тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешенін сатып алу;
  8. Сағыз ауылында көп функционалды спорт алаңының құрылысы;
  9. Сағыз ауылының көшелеріне 13 дана бейне бақылау камераларын орнату;
  10. Мұқыр, Жантерек, Кенбай ауылдарының ескі ЭЧ.электр желілерін жаңғырту;
  11. Мұқыр ауылында көп функционалды спорт алаңының құрылысы;
  12. Мұқыр ауылының 6 шағын ауданында кіші аяқ доп алаңының құрылысы;
  13. Мұқыр ауылының 6 шақырым көшесін жарықтандыру;
  14. Мұқыр ауылына ауылішілік 6 шақырым автокөлік жолдарының және көше жарығының құрылысы;
  15. Мұқыр ауылының қоқыс алаңын қоршау;
  16. Кенбай ауылының кірме және ауылішілік жолының құрылысы;
  17. Мұқыр, Қарабау ауылдарына кешенді өрт сөндіру бекетін (5 тн) сатып алу;
  18. Тасшағыл ауылына кірме жолды жарықтандыру құрылысы;
  19. Жангелдин ауылындағы Миялы орта мектебі ғимаратын күрделі жөндеу;
  20. Қарабау, Қаракөл, №9 орта мектептері модернизацияланады;
  21. Жасқайрат ауылынан 102 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы;
  22. Қоныстану ауылынан 80 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы.

278971528_4884057728378550_7094212074067034716_n

Сонымен қатар, Тасшағыл, Жасқайрат, Қоныстану, Қарабау ауылдарынан спорт кешенінің жобалық сметалық құжаттамалары дайын. Мұқыр ауылынан спорт кешенінің жобасы жасақталуда. Тайсойған ауылына дейінгі және Миялы ауылынан Ақтөбе облысының Ойыл ауданына дейінгі 18 шақырым автокөлік жолының жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда. Миялы ауылынан 21 шақырым ауылішілік жолдың жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Аудан бойынша 2 демалыс саябағын реконструкциялауға және 2 жаңадан саябақ салуға жобалық сметалық құжаттама дайын.

Алдағы уақытта, ауданымызда жобалық-сметалық құжаттамасы дайын және құжаттамасы жасақталып жатырған жобалар бойынша баяндайтын боламын».

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT