Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданында бір топ ардагер марапатталды

Республикалық ардагерлер ұйымына 35 жыл толуына орай , Қызылқоға аудандық «Арман» мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Қызылқоға ауданы әкімі Нұрсұлтан Бисембиев сағыздық ардагер Жасан Есқайыров пен көздіғаралық ардагер Амангелді Сақтағановты Атырау облысының «Ардақты ардагері» алтын белгісімен, Мұқыр ауылдық округінің ардагері Ағиба Досқалиеваны Атырау облысының «Ардақты ана» алтын белгісімен марапаттады.

f60a7a40-e2d1-44a4-af41-5f4f0c36d178

Миялылық Ұлдаш Құлшықова, Аманжол Ерғалиев, Жәния Ізбасқан, Зинеден Омаров, тайсойғандық  Қуаныш Берікқалиев, ойылдық Досбай Айтбаев, көздіғаралық Ерболат Доскенжиев, жангелдиндік Сәлімжан Харесов, мұқырлық Есқабыл Құттыбаевтарға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

9b8f2635-9bd9-4fad-b59b-88cc77a6489a

 Мерекелік шарада ауданның әлеуметтік[1]экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін аудандық ардагерлер кеңесінің пленум мүшесі, мемлекеттік қызмет саласының зейнеткері Жолдас Ибрашевқа Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы атағы табыс етілді.

05829d68-8f49-4d91-bed9-299677f2fb95

 Рысты Шапих (Миялы а/о), Кеңес Адаев (Жамбыл а/о), Айдынғали Жайғалиев (Тайсойған а/о), Қаршыға Есқалиевтар (Тасшағыл а/о) аудандық мәслихаттың алғыс хатына ие болды.

91f3efa3-8107-4ee1-bd0d-d1885472a815

 Салтанатты кештің қонағы, Атырау облысының құрметті азаматы, облыстық ардагерлер кеңесінің пленум мүшесі Қосыбек Ырзағалиев шараға қатысқан замандастарына ақжарма тілегін білдіріп, Әділ Сәрсенғалиев (Тасшағыл а/о), Қайырғали Ерекенов (Көздіғара а/о), Ақниет Сахиев (Мұқыр а/о), Сәрсенбай Қойшыбаев (Қызылқоға а/о), Тоқтарқұл Нұғманов (Сағыз а/о), Иғали Ізтұрғанов (Жамбыл а/о) және миялылық ардагерлер Байтас Мусин, Марат Сәрсенғалиев, Жаңбырбай Ақтаевтарды облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен және алғыс ха[1]тымен марапатталса, аудандық ардагер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин Ойыл ауылдық округінің ардагері Мереке Айжарықовқа «Хиуаз Доспанова» мерекелік медалін табыс етті.

Нұрсәуле Жауынбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521