Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлай брифингте Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев мәлімдеді, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі.
- «Сағыз, Мұқыр ауылдарына кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту» жобасы осы айда басталады. Сонымен қатар, «Миялы ауылының ауыл ішілік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары» басталады. «Сағыз ауылының ауылішілік автокөлік жолдарының құрылысы» жобасы бойынша жеңімпаз анықтау үшін, конкурс ұйымдастырылуда. Жеңімпаз маусым айында анықталатын болады. Миялы және Сағыз ауылдарының жол құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру 2021-2022 жылдарға жоспарланған, - деді аудан әкімі.