Келер жылы Миялы ауылынан 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
- 2022 жылы Миялы ауылынан 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталады. Құрылыс жұмыстары «НКОК» компаниясы арқылы демеушілік негізінде салынатын болады. Сонымен қатар, осы типтегі екінші тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, - дейді аудан әкімі.
Нұрсұлтан Бисембиевтің айтуынша, ауданда тұрғын үй кезегіндегі 6 санат бойынша 437 азамат тіркелген.