Ауданның Құрметті азаматы Оңғар Жанықұлов ел Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі референдумда дауыс берді.
Ауыл тұрғындарымен бірге референдумға келген ол  Тасшағыл орта мектебінде орналасқан №50  референдум  учаскелік комиссияда бюллетен алып, толтырды. 
Аталмыш учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Жанас Таспановтың айтуынша, таңғы сағат 7.00-де дауыс беру басталғаннан бері 358 адам дауыс берді. Жергілікті байқаушылар да таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыстарына кірісті. Референдум комиссия мүшелері Қоғам елдімекені мен Жаңақора қыстағын аралап, 51 адамның дауысын әкелді.
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

 
 