Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

     Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанынан ашылған «Отбасын қолдау» орталығының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында мобильдік топ мүшелерімен жиын болып өтті.

         Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Гүлшара Ізімова жүргізіп,  мобильдік топтың негізгі міндеттерін түсіндіріп өтсе, аталмыш орталықтың басшысы Ақмарал Құсанова баяндама жасап, орталықтың ашылғаннан бергі жасалған жұмыстары мен алда жасалатын  жұмыс жоспарымен таныстырды. Одан соң орталықтың кейс-менеджері Сүйеуғали Махамбет мобильдік топ мүшелерінің әрқайсысының міндеттерін тізбектеп түсіндірді. Шара барысында, қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, жауап берілді. 
Орталық мамандары барлық қатысушыға орталық жайлы, зорлық-зомбылық көрген жағдайда  байланыс нөмірі бар жаднама таратты. Жиналысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмагүл Ғазезова қорытындылап, жиынға қатысушыларға алғысын айтты.

Ақнұр ДҮЙСЕНҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT