Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БӘЙТІКТЕГІ БӘСЕКЕ

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Тасшағыл ауылында әуесқой балық аулаушылар арасында сайыс өтті. Мұз үстіндегі бұл бәсекеге 18 жастан асқан 40-тан астам ауыл жастары мен үлкендері қатысты. Сайыс барысында балық аулаудың әдіс-тәсілдері мен  айла шарғылары ортаға салынып қатысушылар мұз ойып, балық аулаудан шеберліктерін көрсетсе, онда сөз сөйлеген Тасшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының жастар жетекшісі Назымгүл Жұмат:

  • Жастар уақытын пайдалы өткізуге шақыру – біздің басты мақсатымыз. Бұл сайыс – тек бәсеке емес, бірлікті нығайтып, ауызбіршілікті арттыратын шара. Қатысушылардың белсенділігі қуантады. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Барша қатысушыға ризашылығымды білдіремін!, - деді.

Ал, Тасшағыл ауылының тұрғыны Қобыланды Елеусіновтың айтуынша, жастармен бірге бір сапта бәсекеге түсу – үлкен қуаныш. Бұл тек жарыс емес, ұрпақтар сабақтастығы мен ортақ қызығушылықтың көрінісі. Жастардың қайраты мен үлкендердің тәжірибесі астасқан шаралар ауылдың рухын көтеріп, бірлікті нығайтады. Бүгінгі бәсеке – соның айқын дәлелі.

Бәйтік бойына бас біріктірген балықшылар барын салып, су маржанын сабырмен күтті. Төзімі жеткендер мен күдерін үзбегендер топ жарды. Нәтижесінде, бірінші орынды Сағынбек Сегізбай иеленсе, екінші орынды Ерлан Мәлікұлы, үшінші орынды Амандық Ізбасаров еншіледі. Ал Бәйтік көлінің ең ірі балығы Бақтыбек Мұханбетовтың қармағына ілікті.

Самғат ҚАЙРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT