8 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылынан алдын ала эвакуацияланған 223 тұрғын Атырау қаласындағы АРЕС колледжі базасындағы эвакопунктте жатыр.
Эвакуациялық пунктте орналасқан тұрғындардың арасында 142 бала, 8 жүкті ана және 9 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Еске сала кетелік, Махамбет ауданында соңғы тәулікте су деңгейі бірден + 8 см көтеріліп, Жайық өзенінің деңгейі 1008 см құрады.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы