Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Таксопарк» ашылды

Қазіргі заман талабына сай, тұрғындарды тасымалдау сапасын арттыру, жедел көмек көрсетіп, бір жерден басқару, қызмет сапасын қадағалап, тасымалдау қызметінің бағасын тұрақтандыру, көлеңкелі бизнестің алдын алу мақсатында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының қолдауымен аудан орталығында жас кәсіпкер Асылбек Мұратов «Таксопарк» қызметін қолға алды.

«Таксопарк» Миялы-Атырау, Миялы-Сағыз, Миялы-Қызылқоға (Қарабау) және Миялы ауылының ішіне қызмет көрсетеді.

–  Алдағы уақытта Миялы-Сағыз бағытына көп орынды автобус шығару ойымызда бар. Қазір клиенттерді көбірек тарту үшін «Диспетчерлік пункт арқылы таксиге тапсырыс беріп лоторея ойынына қатыса аласыздар» деген хабарлама таратудамыз. Бұл орайда, ең үздік такси қызметін пайдаланушыға арнайы бағалы сыйлық пен айына 3,5,7 рет тегін қызмет көрсету сертификаттары берілетіндігін айта кеткенім жөн. Егер басқа да сұрақтар туындаған жағдайда 8 775 422 55 55, 8 777 421 55 55 ұялы телефондарына хабарласуға болады, – дейді жас кәсіпкер Асылбек Мұратов. Ендеше, жаңа қызметке сәттілік тілейміз.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT