Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тұрақтылықты ту еткен

Сіздерді 23 маусым – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміз өз Тәуелсіздігіне қол жеткізгелі Қазақстан полициясы маңызды да заманауи өзгерістерді бастан өткеріп, елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда ерен еңбек, ерлік үлгісін көрсетіп, құқықтық мемлекеттің берік негізінің қалануына өлшеусіз үлес қосып келеді. Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңдылықты күшейту, елімізде бірлік пен татулық, тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтауда ішкі істер органдарының жауапкершілігі жоғары екендігіне айрықша назар аударып отыр. Мемлекет және жергілікті билік тарапынан полиция қызметіне қолайлы жағдай туғызуға, материалдық-техникалық базасын одан әрі жақсартуға барлық мүмкіндік жұмсалып келеді.

Қазірде ауданда қоғамның ішкі тәртібін сақтауда нағыз кәсіби құрылым қалыптасты. Адал да алымды, білікті мамандар қатары көбейе түсті. Қалың жұртшылық білетіндей, өткен жылдан аудан полиция қызметкерлері пандемия талаптарына сай, әлемдік індетті тежеуде, қиын кезеңде адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде үнемі күшейтілген режимде өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып, парыздарын адал орындай білді. Осынау қажырлы қызметтеріңізге алғыс айта отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт, береке, қызметтеріңізде сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Құрметпен,

Қызылқоға ауданының әкімі

Н.Бисембиев

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521