Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұстаздар өнері көңілден шықты

Ауданымыздың мерейтойына арналған «Өнерімен өркендеген Қызылқоға» атты өнер фестивалінің кезекті концерті өткен аптаның сәрсенбісі күні «Арман» мәдениет үйінде өтті.

Шараны Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі, аудандық экономика және қаржы, ішкі саясат, құрылыс бөлімдері ұйымдастырды. Концерт «Оралды Халел ортаңа» атты көрініспен шымылдығын ашқаннан кейін көрермендер ұстаздардың тамылжыта салған әндерін, мың бұрала билеген билерін тамашалады. Балаларға білім мен тәрбие беретін мұғалімдер ауданның мерейтойына белсене атсалысып, өздерінің өнерден де құралақан еместігін паш етті.

Ұстаздардан құралған «Шалқыма» ұлт аспаптар ансамблі күмбірлете күй төксе, «Қарлығаш», «Еркем-ай» бишілер тобы қазақ, өзбек билерін билеп, «Асыл әжелер», «Сәулем-ай» қыздар ансамблі халық әндері «Дедімай-ау», «Ақжайнақ» және жергілікті сазгерлердің «Ойылым» әндерін тамылжыта шырқады. Сондай-ақ, көрермендер жекелеген әншілер мен күйшілердің өнерлеріне тәнті болып, қошамет көрсетті. Мерекелік шарада хор ұжымы жергілікті сазгер Ә.Темірхановтың «Құтты мекен Қызылқоғам» әнін орындап, концертті Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындылады.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT