Биылғы жылдың 5 наурызында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысында халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінде жаңа әлеуметтік бастамалар қоғамымыздың әлеуметтік бірлігін нығайтуға және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталғанын атап өтіп, былай деді: – «Біз бүгін әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайынбыз.
Бұл елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар оптимистік жоба. Өркендеген Қазақстан – бұл, ең алдымен мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, патриоттық танытатын өздеріне сенімді адамдардың мекені деп санаймын». Бұл бастама – әрбір отбасына баспана алуға мүмкіндіктер беру.
Атап айтқанда, «7 – 20 – 25» бағдарламасы дайындалып, жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Екінші мәселе бойынша, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек-ақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтып, осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалады. Үшінші бастама «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», төртінші бастама «Шағын несие беруді көбейту». Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. Ал, бесінші бастама «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру». Демек, бес бастаманы іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, сол арқылы ел экономикасының әрі қарай дами түсуіне жол ашады.
Нысанәлі Нәсіпқалиев,
Қызылқоға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы.