Кеше «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесі мен аудандық Аналар кеңесі, аудан әкімі аппараты мен ішкі саясат бөлімі бірлесіп «Қасиетті домбыра» атты акциясына сәйкес, аудан орталығындағы перзентханада ұлттық домбыра күні қарсаңында дүниеге келген қос нәрестеге сыйлық жасады.
Шара барысында, алдымен сөз алған аудан әкімі Арман Баженов: Домбыра – ұлтымыздың жай аспабы ғана емес, барша қазақ халқының ұлттық символы. Ендеше, «ұлттық домбыра күні» қарсаңында дүние есігін ашқан сәбилерде он саусағынан өнер тамған өнерпаз болсын деген ырыммен қасиетті домбыраны табыстау үшін келдік,- деп аудан әкімі салтанатты түрде сәбилерге ұлттық домбырамызды сыйға тартса, қос сәбидің аналарына құттықтау хатпен естелік сыйлық табыс етті. Одан соң, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бағытжамал Жұмабаева аналарды құттықтап, сәбилерге бақытты ғұмыр тіледі.
Нұрәділ ЕЛАМАН.