«Ұры алыстан келмейді»

Бұдан соң есеп беру жиыны Жамбыл ауылдық округінде жалғасын тауып, «Қаракөл» мәдениет үйінде округ әкімі Сәндібек Салықов бір жыл бойы жасаған жұмыстарының есебін жариялады.

Округте ірі қара малдарды асылдандыру мақсатында «Әділет», «Ақмоншақ», «Данияр» шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқа мен қошқар алып, жүйелі жұмыстар жасап келеді. Желтоқсан айында жеке кәсіпкер Ержан Абдолов монша мен тегершік жөндеу орынын ашып, халыққа қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен округ аумағынан мешіт құрылысын бастау жоспарланып отыр. Өткен жылы 4 қылмыстық іс тіркелді. Барлығы да мал ұрлығы бойынша түскен арыздар. Бірақ, әлі ешқайсысы ашылған жоқ.

Жарыссөзде пікір білдірген округтегі аналар кеңесінің төрайымы Назигүл Аяшова мен Қаракөл орта мектебінің мұғалімі Арыстанбек Шарафиден округ әкімінің жұмысына оң бағаларын берді. Содан кейін сөз алғандар ішінен Алтынзер Жұмағалиева ауылға өрт сөндіру көлігі керектігін айтса, ауданның Құрметті азаматы Тұрсын Сисенғалиев ауыл іргесіндегі жерлердің бәрін жеке қожалықтар алып, тұрғындардың малы жайылатын орын қалмай бара жатқандығын, «Жамбыл-Атырау» бағытына қатынайтын көліктерге Атырау қаласынан ыңғайлы жер керектігін тілге тиек етті. Ал, ауыл тұрғыны Бекқұл Ізімов өр суы тасығанда суды барлық округке теңдей бөліп беруді сұраса, Жалғас Мұхамедиев ауылда мал ұрлығы өршіп тұрғанын және ұрылардың сырттан келмейтіндігіне тоқталды. Жиын соңында аудан әкімі Арман Баженов:

–  Өткен жыл ауданымыз үшін табысты болды. Ел үшін біраз игі істер атқарылды. Алайда, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Биыл да аудан халқы үшін жасалатын жұмыстар жетерлік. Бұйырса, осы Жамбыл ауылдық округінен фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталады. Өрт сөндіру көлігін бір-біріне жақын орналасқан үш ауылдық округке алу жоспарда бар. Енді ең өзекті болып тұрғаны – мал ұрлығы. Өздеріңіз айтқандай ұры алыстан келмейді. Сол себептен ұрлықпен ауыл болып күресу керек. Ұрлықтың алдын алу үшін әр ауылда өз ісіне жауапты бақташы болғаны дұрыс. Сол мақсатта мен барлық ауылдың әкімдеріне тұрғындардың малын бағатын бақташы шығаруды ұйымдастыруды тапсырамын. Атырау қаласынан жолаушы тасымалдайтын көліктерге арнайы орын белгілеу мәселесін алдағы уақытта қарастыратын боламыз, – деді.

ДУЛАТ ҒҰБАЙДУЛЛИН.

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика